17 Қазан, 2015

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №803

323 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
2015 жылғы 29 қыркүйек, Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне  өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі №803 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру 1. «Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 11 ақпандағы № 125 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 7, 72-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ережесінде: 6- 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «6-1. Ветеринариялық-санитариялық бақылауға жататын тамақ өнімдерін өндіру (дайындау) объектілеріне есептік нөмірлер беру ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін Жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілеріне, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарға есептік нөмірлер беру қағидаларына сәйкес жүргізіледі.». 2. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 қарашадағы № 1908 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 56, 472-құжат): 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «2. Кәсіпорын қызметінің мәні: 1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы; 2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың энзоотиялық ауруларының диагностикасы болып айқындалсын.». 3. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» мемлекеттік мекемесін филиалдарымен бірге құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 21 желтоқсандағы № 2158 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 1, З-құжат): 4-тармақта: 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: «1) ветеринария саласындағы уәкілетті орган бекітетін тізбеге енгізілген жануарлардың аса қауіпті ауруларының ошақтарын жою;»; мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: «2-1) «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-бабының 1-1-тармағына сәйкес процессингтік орталықтың функциялары;». 4. «Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 маусымдағы № 616 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 521-құжат): көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екіншісіне беру қағидасында: 2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) республикалық заңды тұлғалардың мүлкі облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) әкімінің қолдаухаты негізінде: ветеринариялық препараттарды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың және одан көп ең төмен есептік көрсеткіш мөлшерінде болған кезде - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша; ветеринариялық препараттарды, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды қоспағанда, беру күніне теңгерімдік құны отыз мың ең аз есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болған кезде - мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның берілетін мүлік теңгерімінде тұрған республикалық заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын тиісті саланың уәкілетті органымен келісілген шешімі бойынша; ветеринариялық препараттар, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құралдар) және атрибуттар теңгерімдік құнына қарамастан мемлекеттік мүлікті басқаруды жөніндегі уәкілетті органның ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен келісілген шешімі бойынша коммуналдық меншікке беріледі;». 5. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 4 ақпандағы № 82 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 250-құжат): 4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: «2) эпизоотиялық мониторинг;».